ru24.pro
World News in Kazakh
Февраль
2026
1 2 3 4 5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

Ғалымдар қатерлі ісіктің алдын алуға болатын себептерін атады

0

Nature Medicine журналында жарияланған ірі халықаралық зерттеуінде қатерлі ісік туралы тұжырым айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Euronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Контекст
Зерттеушілер қатерлі ісік бойынша жаһандық деректерді сараптап, темекі шегу, инфекциялар және алкоголь тұтыну алдын алуға болатын онкологиялық аурулардың негізгі себептері екенін анықтаған.
Жұмыстың негізіне 2022 жылға қатысты деректер алынды: әлемнің 185 елінде кездесетін қатерлі ісіктің 36 түрі және алдын алу мен өмір салтын өзгерту арқылы әсер етуге болатын 30 өзгермелі (модификацияланатын) қауіп факторы талданған.
Алдыңғы көптеген зерттеуден айырмашылығы - ғалымдар өлім-жітімге емес, нақты себептермен байланысты жаңа диагноздардың жалпы санына назар аударған.Қанша жағдайдың алдын алуға болар еді?2022 жылы әлемде тіркелген 18,7 миллион жаңа онкологиялық жағдайдың шамамен 7,1 миллионы (яғни 38 пайызы) алдын алуға болатын қауіп факторларымен байланысты болған.
Олардың жартысына жуығы онкологияның үш түріне тиесілі:

өкпе обыры,асқазан обыры,жатыр мойны обыры.

Зерттеушілердің бағалауынша:

темекі шегу алдын алуға болатын қатерлі ісіктің шамамен 15 пайызына себеп болған;инфекциялар - шамамен 10 пайыз;алкоголь тұтыну - шамамен 3 пайыз.

"Әйелдер арасында 2022 жылы тіркелген 9,2 миллион жаңа қатерлі ісік жағдайының шамамен 30 пайызы алдын алуға болатын деп танылды. Оның 11 пайыздан астамы инфекциялармен, соның ішінде адам папилломасы вирусымен (АПВ/ВПЧ) байланысты", - дейді ғалымдар.
Ер адамдарда да темекі шегу барлық өңірде басты қауіп факторы болып шыққан: ол алдын алуға болатын 4,3 миллион жағдайдың шамамен 25 пайызына түсінік береді.
Ерлер арасында екінші орында - инфекциялар. Олар әсіресе Азия, Африка және Оңтүстік Америка елдерінде жиі кездеседі.
Зерттеушілердің пікірінше, темекі мен алкогольді азайту мен инфекциялардың алдын алу онкологиялық аурулардың әлемдік ауыртпалығын едәуір төмендетуге мүмкіндік береді.