ru24.pro
World News in Kazakh
Февраль
2026
1 2 3 4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

ҚазТАГ сайты ашылмай қалды

0

Қазақстандағы ақпарат агенттіктерінің бірі ҚазТАГ сайты ашылмай қалды.
Редакция телеграм-арнасында сайт 4 желтоқсанда таңертең “Қазақтелеком”, “Транстелеком”, Beeline, Activ және Tele2 провайдерлері арқылы ашылмай тұрғанын хабарлады.

Сайт өкілдерінің айтуынша, бірнеше сағат бұрын ҚазТАГ-та “Сүлейменов конституциялық комиссияны фарс деп атағаны” жөнінде материал шыққан. Онда конституциялық сот жанындаы ғылыми-консультативтік кеңестің мүшесі Майдан Сүлейменовтің пікірі келтірілген.

Аталған провайдерлер әзірге түсініктеме бермеді. Азаттық тілшісі өзі де “Қазақтелеком” провайдерінен сайтқа кіріп көріп еді – ашылмады.
Редакция сайтының жабылуына Сүлейменов туралы жаңалықтың әсер еткені-етпегені белгісіз.
Қазақстанның қазіргі Конституциясын әзірлеуге үлес қосқан Майдан Сүлейменов бір күн бұрын қалай сыналса да, 1995 жылғы Конституциядан ұялмайтынын, бірақ одан бергі енгізілген өзгерістерді құп көрмегенін, осы жолы да сын-пікірлер ескерілмейтінін жазған.
"Ең жақсы Конституция – 1993 жылғы Конституция, кейінгілері барған сайын нашарлай берді. Өкінішке қарай, біздің ұсыныстарымыз ескерілмейді. Мен мәнсіз жұмыспен айналысқым келмейді. Сол себепті үнсіз қалдым. Осыдан кейін бір сөз де айтпаймын" деп жазды ол.
Қазақстанда өткен апта соңында жаңа Конституция жобасы жарияланып, ол қоғамда қызу талқыланған еді. Оны қолдайтындар да, сынайтындар да бар.
Бұған дейін жаңа Конституция жобасына қатысты "жалған ақпарат таратты" деп айыпталған қала тұрғынына айыппұл салынған.