ru24.pro
World News in Kazakh
Январь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

525 миллионды досы арқылы жасыруға тырысқан: HAS қаржы пирамидасына қатысты тың дерек әшкереленді

0

ҚМА Павлодар облысы бойынша департаменті "HAS" қаржы пирамидасының қызметінен зардап шеккен азаматтардың өтініштері негізінде жаңа эпизодтар бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мән-жайы
Бұған дейін сот қаржылық пирамиданы ұйымдастырушыларын 6 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кескен болатын. Жәбірленушілерге келтірілген залалды өтеу мақсатында салымшылардың қаражатына сатып алынған, жалпы құны 1,2 миллиард теңгеден асатын мүлік соттың шешімімен өндіріп алуға жіберілді.
Өндіріп алынған активтердің қатарында 4 пәтер, 18 автокөлік, 3 жер учаскесі, автотұрақ орындары, тұрғын емес үй-жай және банк шоттарындағы ақшалай қаражат бар. Сот орындаушылары жәбірленушілерге 300 миллион теңге көлемінде төлемдер жүргізді.
Жаңа эпизодтар
Қазіргі уақытта жалпы сомасы 821 миллион теңгеден асатын залалмен 125-тен астам жәбірленушіден арыз түскен.

"Сонымен қатар, салымшылардың қаражаты есебінен ұйымдастырушы елорда аумағында орналасқан, құны 525 миллион теңге болатын жер учаскелерімен бірге "A.D.A.M. group" ЖШС-ін сатып алғаны анықталды. Аталған мүлік оны жасыру мақсатында ұйымдастырушының танысының атына рәсімделген", - делінген хабарламада.

Соттың санкциясымен көрсетілген мүлікке тыйым салынды.
Қайта тергеу

"Биыл 6 қаңтарда күдіктілердің әрекеттері қайта сараланып, оларға ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған басшылық ету, қаржылық пирамиданы ұйымдастыру және жарнамалау, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастыру баптары бойынша айып тағылды".

Тергеу жалғасып жатыр.
Қаржылық мониторинг агенттігі "HAS" қаржы пирамидасының қызметінен зардап шеккен азаматтарды аумақтық бөлімшелерге арызбен жүгінуге шақырады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!