ru24.pro
World News in Kazakh
Январь
2026
1 2 3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Швейцарияда бес күндік аза тұту жарияланды, өртке байланысты Тоқаев көңіл айтты

0

Альпі тауындағы Кран-Монтана шаңғы курортында орналасқан Le Constellation барында болған өрттен қаза тапқандарға байланысты Швейцария бес күндік аза тұту жарияланды. Бұл туралы конфедерация президенті, экономика министрі Ги Пармелен мәлімдеді.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, 1 қаңтарға қараған түні болған өрт салдарынан шамамен 40 адам қаза тауып, 115 адамды қатты күйік шалған. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендердің нақты санын анықтауға бірнеше күн кетуі мүмкін.

«Ең басты міндет — барлық қаза тапқандардың аты-жөнін анықтау», — деді Кран-Монтана мэрі Николя Феро 1 қаңтар кешке болған баспасөз мәслихатында.

Із-түзсіз жоғалған жасөспірімдердің ата-аналары мен шетелдік елшіліктер өз азаматтарының қаза тапқандар немесе зардап шеккендер қатарында бар-жоғын анықтауға тырысып жатыр. Вале кантоны үкіметінің басшысы Матиас Рейнардың айтуынша, қазір мамандар мәйіттердің ДНҚ-сын зерттеп жатыр.

Бейсенбі кешкісін жүздеген адам барға апаратын жолдағы қолдан жасалған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, шырақ жақты.

Le Nouvelliste газеті мен Rhône FM радиостанциясы көп адамды қайтты күйік шалғанын, ал жергілікті ауруханалар лық толғанын хабарлады. Вале кантоны қауіпсіздік қызметінің басшысы Стефан Ганзер қаза тапқандар арасында шетел азаматтары да бар екенін айтты. Зардап шеккендердің көпшілігі — жасөспірімдер мен 20–29 жас аралығындағы жастар.

Тергеушілер терроризм белгілері немесе әдейі өрт қою деректері жоқ екенін мәлімдеді. Rhône FM мен Blick басылымдары өрттің шығуына пиротехникалық құралдар себеп болуы мүмкін екенін жазды.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, өрт басталған сәттен түсірілген бейнежазбаларда бардың шатыры бенгал отынан тұтанғанын көруге болады. Агенттік тілшісіне сұхбат берген дереккөздердің бірі от өте жылдам таралғанын айтқан.

Куәгерлердің айтуынша, жұрт жертөледе орналасқан түнгі клубтан тар баспалдақпен көтеріліп, кішкентай есіктен сыртқа шықпақ болып жанталасқан. Кейбірі терезені сындырған. Тергеушілер өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын тексеретінін хабарлады. Барға ең көбі 300 адам сыяды.

Кран-Монтана — Швейцарияның тауда орналасқан курорттық қаласы, мұнда жұрт тек шаңғы тебуге ғана емес, гольф ойнауға да көп келеді. Le Constellation барындағы өрт Швейцарияның жаңа тарихындағы ең қасіретті оқиға саналады.

Оқиғаға байланысты Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария Конфедерациясының президенті Ги Пармеланға көңіл айтты. Тоқаев қазақстандықтар «осы қиын-қыстау сәтте Швейцария халқын қолдайтынын жеткізді», — делінген Ақорда хабарламасында.