ru24.pro
World News in Kazakh
Декабрь
2025

Атырауда тұрғын автосалонды сотқа беріп, 22 миллион теңге өндіріп алды

0

Атырауда автосалон сапасыз көлік үшін ақшаны қайтарудан бас тартып, іс сотқа жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.2023 жылы мамырда тұрғын автосалоннан көлік сатып алып, толық төлем жасаған. Алайда автосалоннан шыққан бойда көліктің ақауы анықталып, жүріс кезінде оңға қарай тартатыны белгілі болған. Бірнеше тексеріс жүргізілгенімен, сатушы ақаудың себебін жоя алмаған.
Сатып алушы келісімді бұзып, ақшасын қайтаруды талап еткен, бірақ автосалон талапты орындамаған. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңбұзушылықты растады.Іс сотта қаралып, 2025 жылдың мамырында талапкердің арызы ішінара қанағаттандырылды. Сот шешімімен автосалон:

көліктің құнын – 21 940 000 теңге,моральдық өтемақы – 100 000 теңге,тұрақсыздық айыбын – 870 838 теңге төлеуге міндеттелді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!