ru24.pro
World News in Kazakh
Декабрь
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29
30
31

Астанада жаңажылдық отшашу қай жерде болады?

0

Астанадағы жаңажылдық отшашу қайда өтетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астана әкімдігі мәліметінше, 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні сағат 00:00-де демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылған мерекелік жаңажылдық салют атылады.
Отшашулар екі жерде болады: Ботаникалық бақ және "Атырау" көпіріне іргелес аумақ.

"Елорда тұрғындары мен қонақтарына отшашу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында "Атырау" көпірі ауданындағы жағалаудың мұзына шығуға қатаң тыйым салынатынын еске саламыз", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Жаңа жыл қарсаңында 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға дейін қаланың үш жерінде мерекелік іс-шара өтеді. 31 желтоқсанда сағат 21:00-ден бастап "Қазақ елі" монументінің жанындағы алаңда, "EXPO" аумағында, сондай-ақ қалалық алаңда (әкімдік алдында) шығармашылық ұжымдар мен қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен қала тұрғындары мен қонақтары үшін жаңажылдық мерекелік концерттер өтеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!