ru24.pro
World News in Kazakh
Декабрь
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29
30
31

Аса ауыр қылмыс жасады деген күдікті Грузиядан Қазақстанға экстрадицияланды

0

Аса ауыр қылмыс жасады деген күдікті Грузиядан экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бас прокуратура мен Интерполдың Ұлттық орталық бюросының қызметкерлері Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің көмегімен ауыр қылмыстарға қатысы бар ресейлікті Грузиядан экстрадициялады.

"Ол 2022 жылы Алматыда азаматтарды ұрлауға және олардың мүлкін күштеп тартып алуға қатысты деген күдікке ілінді. Қаскүнем үш жылдан аса уақыт бойы жасырынып, халықаралық іздеуде болған", - делінген хабарламада.

Биыл қыркүйекте ол Грузияда ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланған. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Айыпталған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!