Бокстан әлем чемпионатының финалын қайдан көруге болады?
Бүгін, 13 желтоқсанда, бокстан әлем чемпионатының финалы өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Қазақстан атынан шаршы алаңға төрт боксшы шығады: Сәкен Бибосынов (54 кг), Оразбек Асылқұлов (57 кг), Абылайхан Жүсіпов (71 кг), Сабыржан Аққалықов (75 кг).
54 кг - Сәкен Бибосынов - Вячеслав Рогозин (Ресей)57 кг - Оразбек Асылқұлов - Хусравхон Рахимов (Тәжікстан)71 кг - Абылайхан Жүсіпов - Сергей Колденков (Ресей)75 кг - Сабыржан Аққалықов - Исмаил Мутсолгов (Ресей)
Жекпе-жектер Қазақстан уақытымен 18:00-де басталады. Қазақстанда жекпе-жектерді тікелей эфирде мына сілтеме арқылы көруге болады.
Финалистер саны бойынша Ресей көш бастап тұр - 12 боксшы. Екінші орында Өзбекстан құрамасы - алты боксшы. Қазақстан құрамасы үшінші орынға жайғасты.Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстан құрамаларында - бір-бір финалистен бар.
Турнир жеңімпаздары 300 000 доллар, күміс жүлдегерлер 150 000 доллар, қола жүлдегерлер 75 000 доллар, ал ширек финалға шыққан қатысушылар 10 000 доллар алады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
