Жылдамдыққа қатысты “жаңа айыппұл“: ІІМ жауабы
Әлеуметтік желіде жолда жүру жылдамдығына қатысты фейк тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мән-жайы
Желіде "сағат 00:00-ден кейін рұқсат етілген жылдамдық 66 шақ/сағ болатыны" жөнінде ақпарат тарап жатыр.
ІІМ пікірі ІІМ пікірінше, тарап жатқан хабарлама - фейк.
"Мұндай өзгерістер енгізілген жоқ. Елді мекендерде жеңіл көліктер үшін рұқсат етілген стандарт жылдамдық - 60 шақ/сағат. Камералар жылдамдықты 70 шақ/сағ және одан жоғары болған кезде ғана тіркей бастайды. Тексерілмеген хабарламаларға сенбеңіздер, ресми ақпаратқа жүгініңіздер. Жол ережелерін сақтап, мұқият болыңыздар!" - деп жазылған хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
