Қазақстанда алдағы күндері қар жауып, боран соғады
Қазгидромет синоптиктері 2, 3 және 4 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталь бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр және қар жауады. Республиканың солтүстігінде, шығысында, орталығында бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
"Тек батыста, 2-3 желтоқсанда республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады", – деді синоптиктер.
Ауа температурасында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді, деп толықтырды метеорологтар.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
