ru24.pro
World News in Kazakh
Ноябрь
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26
27
28
29
30

Барлық бағытқа “қызыл“: Астанада бағдаршамдардың жұмыс режимі өзгертілді

0

Астанада жеті көше қиылысында бағдаршамдардың жұмыс режимі өзгертілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Өзгеріс енгізілген светофорлар тізімі:

Керей, Жәнібек хандар – Әл-Фараби;
Рысқұлов – Мәңгілік ел;
Сұлтан Бейбарыс (№106 мектеп маңы);Құсмұрын – Қайнар (№68 мектеп маңы);Қараменде би Шақаұлы – Земляничная;
Тәуелсіздік – Қошқарбаев;
Тәуелсіздік – Байтұрсынов.

Полиция мәліметінше, осы қиылыстарда енді барлық бағыт үшін бағдаршамның қызыл түсі 4 секундқа бір мезетте жанады. Бұл маневрді қауіпсіз аяқтап, қиылыстан толық шығуға мүмкіндік береді.
Жүргізілген талдауға сәйкес, бағдаршамдарың жұмыс режимін түзеткеннен кейін жол-көлік оқиғалары азайған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!