“Нұр-Мұқасан“ тобының төңірегінде дау туды: Ғалымжан Сүлеймен соққыға жығылғанын айтты
"Нұр-Мұқасан" тобының жаңа әншісі Ғалымжан Сүлеймен топтың бұрынғы әншісі Мұқасан Шахзадаев соққыға жыққанын айтты. Полиция осы жағдайға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Полиция пікірі
Алматы Полиция департаменті мәліметінше, бұл жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалған.
"22 қарашада Наурызбай аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғыннан М. және өзге де бірнеше адамның оған дене жарақатын салу дерегі бойынша арыз түсті. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр", - деп жазылған полицияның Massaget.kz-ке жауабында.
Полиця тергеу нәтижелері бойынша ҚР заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылданатынын мәлімдеді.Әншінің жағдайы
Заңгер Инга Иманбайдың айтуынша, Ғалымжан Сүлейменге ота жасалады.
"Оның қазіргі жағдайы өте ауыр. Дәрігерлер қолы сынғанын, мұрны сынғанын, беті қатты ісіп-көгергенін растады. Алдағы күндері мұрнына жарақаттан кейінгі күрделі ота жасалмақ", - деп жазды ол әлеуметтік желіде.
Бұған дейінгі жағдай
Еске салайық, бұған дейін Мұқасан Шахзадаевқа қатысты тосын ақпарат тарады. Мәліметке сүйенсек, даудың басы әннен басталған.
Осы мәселе бойынша Ғалымжан Сүлеймен топтың бұрынғы әншісі Мұқасан Шахзадаевтың үйіне барған. Алайда ол жақта жағдай ушығып, бірнеше адаммен бірге жүрген Мұқасан Шахзадаев Ғалымжан Сүлейменге күш қолданғаны айтылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
