ru24.pro
World News in Kazakh
Ноябрь
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Алматы тұрғындары таңертең Сайран аумағынан “жарылыс“ дыбысын естіді

0
Алматыда 17 қарашада таңертең жергілікті тұрғындар Сайран көлі маңында жарылыс дыбысын естіген. Адамдардың айтуынша, сол сәтте пәтерлерде жарық өшіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Не болған?Әуезов ауданының тұрғындары шамамен 9:00-де қатты дыбыс естіген.

"Күшті жарылыс болды. Қалада ұзақ уақыт жарық болмайтын сияқты", – дейді тұрғындар.


Сондай-ақ Абай даңғылы мен Алтынсарин көшесі қиылысында барлық бағдаршам бір мезетте өшіп қалғаны, соның салдарынан жолда кептеліс пайда болғаны айтылды.
Оқырман жіберген сурет
ТЖД пікірі
ТЖД оқиғаға қатысты мәлімет берді. Оған сәйкес, сағат 8:53 кезінде Өтеген батыр көшесінде трансформатор өртеніп жатқаны туралы хабар түскен.

"Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімдері жіберілді. Онда 0,2 шаршы метр аумақта трансформаторлық қосалқы станция ашық күйде жанып жатқаны анықталды. Электр желісі қызметкерлері нысанды жарықтан ажыратты", – деп хабарлады ТЖД.

Қазіргі уақытта электр энергиясын беру толық қалпына келтірілген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!