ru24.pro
World News in Kazakh
Ноябрь
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Жоғалған ер адам туралы ақпарат үшін екі миллион теңге сыйақы ұсынылды

0

Маңғыстауда сегіз ай бұрын жоғалған ер адамның туыстары оның қайда екенін білетіндерге екі миллион теңге сыйақы беретінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Ерлан Есмағамбетов 17 наурызда "Кендірлі" демалыс аймағының маңында жоғалып кеткен. Өткен демалыста жоғалған ер адамның досы далада оның жұмыс істеген компаниясына тиесілі күртешесін тауып алған. Жақын маңнан екі қара шұлық табылған. Жоғалған жігіттің ағасы күртешені Құрық ауылындағы құқық қорғау органдарына сараптамаға тапсырған.
Ерлан Есмағамбетовтің анасы күртешенің кездейсоқ табылғанына күмән келтірді.

"Көктем мен жаздағы іздеу жұмыстары кезінде бұл күртешені байқамау мүмкін емес еді, көлемді зат. Ал енді аяқ астынан табыла қалды. Мүмкін, оны әдейі әкеліп тастаған болар", – деді әйел.

Ер адамды іздеуге Lider.kz іздестіру-құтқару қозғалысының волонтерлері қосылды.
Байланыс нөмірі: +7 (702) 516-73-43.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!