ru24.pro
World News in Kazakh
Ноябрь
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Алматыда жарылыс жасау туралы пікір қалдырған ер адам ұсталды

0

Алматыда жарылыс жасау туралы пікір қалдырған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Діни бірлестіктердің қызметіне қатысты жазбаға белгісіз біреу жарылыс жасау туралы пікір жазған. Бұл дерек бойынша 102-ге хабарлама түскен.
Осылайша Алматы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы күрес басқармасы қызметкерлері жедел әрекет еткен.

"Жедел іс-шаралар нәтижесінде пікір авторы анықталды. Ол Алматының 2004 жылғы тұрғыны болып шықты. Ер адам ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді", - деді Алматы қаласы ПД Экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы Асхат Дәулетияров.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!