Яна Легкодимованың жантүршігерлік өлімі: екі айыпталушыға қандай жаза сұралды?
Атырау сотында алдын ала сөз байласу арқылы 23 жастағы Яна Легкодимованы өлтірді деп айыпталған сотталушыларға қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сот алдында екі айыпталушы отыр. Бас прокуратура мәліметінше, олар кісі өлтіргеннен кейін мәйітті және оның телефонын өзенге тастаған. Жантүршігерлік оқиға 2024 жылы қазанда болған.
"Құқық қорғау органдарына марқұмның денесін анықтау үшін 8 ай уақыт қажет болды. Алдын ала жоспарланған бұл қылмыс зорлық-зомбылық қолдану арқылы ерекше қоғамдық қауіппен, сотталушылардың адам өлтіргеннен кейінгі суыққанды және адамгершілікке жат мінез-құлық әрекеттерімен сипатталады", - деді Бас прокуратура өкілі.
Осыған байланысты прокурор ең жоғарғы жаза - өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
