ru24.pro
World News in Kazakh
Ноябрь
2025
1 2 3 4 5 6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Қазақстандық сериалдар төңірегіндегі дау: министрлік пікірі

0

Қазақстандық сериалдардағы бейәдеп сөздерге қатысты сыннан кейін және футбол туралы сериалдың өшірілуінен кейін желіде цензура қажет пе деген дау туындады. Бірі интернет еркін болуы керек десе, басқалары контенттегі боғауызды шектеуді талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Редакция Мәдениет министрлігінен заң қалай жұмыс істейтінін және авторларды жазалауға бола ма, сұрап білді.
Министрлікте не дейді?
Мәдениет және ақпарат министрлігі заң фильмдер, сериалдар және онлайн-платформаларда бейәдеп сөздер қолдануға тікелей тыйым салмайтыны түсіндірді.

"Онлайн-платформаларда, әдетте, белгіленген нормалардың сақталуын қамтамасыз ететін модераторлар мен автоматты бақылау жүйелері бар. Мысалы, YouTube материалдарды қоғамдастық ережелері және Google пайдалану шарттары арқылы реттейді, ал Instagram Meta қоғамдастық стандарттары мен пайдалану шарттарына сәйкес жұмыс істейді", - деп түсіндірді ведомство.

Бұл ретте, министрлік бейәдеп сөзге қатысты белгілі бір жауапкершілік бар екенін еске салды, ол контекст пен салдарға байланысты.
Қай кезде балағат сөздер заңбұзушылыққа жатады?
Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" қоғамдық орындардағы балағат сөздерге қатысты жазаны қарастырады, алайда интернет бұл анықтамаға сай келе бермейді.

"Көрсетілген норма онлайн-платформаларда бейәдеп сөздер қолдануға тікелей қолданылмайды. Сонымен қатар мұндай әрекеттерді саралау кезінде нақты жағдайлар, жарияланған контенттің мақсаты мен сипаты, сондай-ақ қоғамдық тәртіпке әсері ескеріледі", - деді ведомство.

Сондай-ақ "Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы" заңның 16-бабындағы екінші тармақ пайдаланушылардан жалған ақпарат немесе заңсыз контент жарияламауды талап етеді.
Еске салайық, қазан айынның аяғында Мәжіліс отырысында депутат Құдайберген Бексұлтанов қазіргі қазақстандық сериалдарды бейәдеп сөздердің шамадан тыс қолданылатыны үшін сынға алған болатын.
Оның сөзінен кейін желіде пікірталас өрбіді. Осы уақытта қазақстандық футбол туралы Offside сериалының төңірегінде жанжал шықты. Жобаның авторларының бірі Рүстем Омаров парақшасы бұзылғанын және YouTube-тен видеолар өшірілгенін айтты.
Пайдаланушылардың пікірі екіге бөлінді - бірі мұны цензура деп есептесе, басқалары техникалық ақау немесе алдын ала ойластырылған пиар болуы мүмкін деп болжады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!