Ақмола облысындағы тасжолда жылдамдыққа шектеу енгізілді
Ақмола облысында жылдамдыққа шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"2025 жылғы 6 қараша сағат 06:00-ден бастап Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар "KAZ02 Астана – Көкшетау (айналма жол) – Петропавл – РФ шекарасы (Жаңа Жол өткізу пункті)" автожолының 19–231 шақырым аралығында көліктің барлық түрлері үшін жылдамдық шектеуі 110 шақырым/сағ-тан 80 шақырым/сағ-қа дейін төмендетіледі", - делінген хабарламада.
Жылдамдық режимін 2025 жылғы 06 қараша күні сағат 15:00-де қайта қалпына келтіру жоспарланып отыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
