ru24.pro
World News in Kazakh
Октябрь
2025

“Үш жылға келісім“: Шымкентте қырғызстандық апалы-сіңлі күштеп ұсталған

0

Қырғызстандық апалы-сіңілі екі қыз Қазақстанда күштеп ұсталған. Олардың біреуі кәмелетке толмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg-ге сілтеме жасап.
Қырғызстанның Омбудсмен институты мәліметінше, айдың басында Ош облысынан қыздардың анасы көмек сұрап жүгінген. Ол К.К. есімді әйел 2024 жылдың наурызында қыздарын (16 және 18 жаста) "жұмыс беремін, қараймын" деп уәде беріп, Шымкентке алып кеткенін айтқан. Алайда біраз уақыттан кейін қыздар анасына хабарласып, соққыға жығылғанын, таңнан кешке дейін мәжбүрлі түрде жұмыс істеп жүргендерін айтқан.

"Қыздар базарда екі әйелге жұмыс істеген. Сауда біткен соң оларды қоймаға алып барып, ауыр қаптарды көтеруге мәжбүрлеген. Оларға құл сияқты қараған. Қыздар кеткіміз келеді дегенде оларды соққыға жыққан. Мен қоңырау шалып, балаларымды жіберуді талап еттім, бірақ К.К. үш жылға келісім жасадық деп келіспеді", – дейді анасы.

Омбудсмен институты мұндай әрекеттер қыздардың құқықтарын өрескел бұзатынын атап өтті: кәмелетке толмағандарды жұмысқа тарту, зорлап еңбек істету және ауыр жүк көтеруге мәжбүрлеу Қырғызстанның Балалар кодексіне қайшы келеді.
Қырғызстанның Алматыдағы бас консулдығы және қырғыз диаспорасының көмегімен қыздар Шымкенттен табылған. Миграциялық заңнаманы бұзғандары үшін сот шешімі шыққан соң, олар еліне қайтарылып, аналарына тапсырылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!