Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Екатерина Биволға іздеу жариялады
Қазақстанның Ішкі істер министрлігі боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы Екатеринаға іздеу жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берілген жауапқа сәйкес, Екатерина Биволға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалып, іздеу жарияланған.
"Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Соталды тергеу жалғасып жатыр", – деп хабарлады ІІМ.
Тергеудің мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.
Еске салайық, бұған дейін Екатерина Бивол әлеуметтік желілерде түрлі ұлт өкілдеріне тіл тигізіп видео жариялаған болатын. Өткен аптада Қырғызстанда оны қамауға алу туралы ордер берілген еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
