Қазақстандықтарға қар жауып, боран соғатыны ескертілді
Қазгидромет синоптиктері 1, 2, 3 және 4 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Синоптиктер мәліметінше, Қазақстан аумағына солтүстік циклон келіп, жауын-шашын мен айтарлықтай суық әкеледі.
Солтүстік пен шығыста қар мен боран күтіледі
Циклон Қазақстан аумағы арқылы жылдам жылжып, жаңбырды қарға ұластырады. 4 қарашада елдің солтүстік және шығыс өңірлерінде қар, кей жерлерде қалың қар, сондай-ақ боран, екпінді жел және көктайғақ болады деп болжанған.
Ауа температурасы бірден төмендейді: түнде –5 пен –13 градус аралығында, күндіз –3 пен –11 градус аралығында болады.
Суық оңтүстікке де жетеді
Суық фронт Қазақстанның оңтүстігіне де таралады. 4 қарашада жаңбыр мен дымқыл қар күтіледі, кейін мұнда да ауа температурасы төмендейді: түнде –13 градусқа дейін, ал күндіз +5 градустан жоғары болмайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
