ru24.pro
World News in Kazakh
Октябрь
2025

Қанат Шарлапаев тағы бір қызметінен кетті

0

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі директорлар кеңесінің құрамы өзгерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ жалғыз акционерінің 14 қазандағы шешімімен Қанат Шарлапаев қоғамның директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды", - деп жазылған хабарламада.

Енді директорлар кеңесі тоғыз адамнан тұрады.
Еске салайық, бұған дейін Қанат Шарлапаев Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі қызметінен босатылды.
Артынша "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!