ru24.pro
World News in Kazakh
Октябрь
2025

Ресей “Азаматтарға арналған үкіметтің“ экс-қызметкерін Қазақстанға қайтарды

0

Шетелден әкелінген жүк көліктерін Жетісу облысында заңсыз рәсімдеумен айналысқан қылмыстық топтың мүшесі Ресей Федерациясынан экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Күдікті "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КАҚ қызметкері болған. Ол ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында 2022-2023 жылдар аралығында көлік иелерін іздеп тауып, алғашқы тіркеу алымдары бойынша төлемдер туралы жалған мәліметті ақпараттық жүйеге енгізу арқылы көліктерді заңсыз тіркеген.
Осылайша 481 көлік заңсыз есепке қойылып, бюджетке міндетті төлемдер түспей, 3,7 млрд теңге көлемінде залал келген.
Осы қылмыстарды жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.

"Ол биыл наурызда Мәскеу облысында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Отанына экстрадицияланды. Күдікті тергеу изоляторына қамалды", - деп жазылған хабаралмада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!