ІІМ Талғарда қылмыс азайғанын хабарлады
				
				ІІМ Талғарда қылмыс азайғанын хабарлады. Бұған дейін қаладағы бірқатар атышулы оқиға көпшілік назарында болған еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
ІІМ мәліметінше, былтырғымен салыстырғанда Талғар ауданында құқық бұзушылықтар саны 19 пайызға, қылмыс саны 3 пайызға азайған. Қауіпсіздік пен тыныштықты қамтамасыз ету үшін полиция тарапынан қажетті шаралар қабылданып жатқаны айтылды.
Аудан көшелеріне бағдар мен бақылауды күшейту мақсатында 10 қазаннан бастап Жедел басқару орталығы іске қосылған. Онда мыңнан астам камера шығарылған.
2025 жылдың тоғызында ауданда мас күйде көлік тізгіндеген 131 адам ұсталған. Полиция бұл бағыттағы жұмысын жалғастыра бермек.
"Тек азаматтарды заңсыз әрекеттерге бармауға, құқықтық тұрғыда сауатты болуға, әрбір құқыққа қайшы әрекеттің салдары жауапкершілікке әкеп соғатынын естен шығармауға шақырады", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!