Тез ұйықтап кету үшін кешкі асқа қандай өнімдер қосу керек?
Сомнолог Валерия Бонадыкова тез ұйықтап кету үшін кешкі асқа қандай өнімдер қосу керегін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап. 
Маман ұйқы гормоны мелатониннің түзілуіне қатысатын аминқышқыл триптофанға бай тағамдарды жеуді ұсынады: күркетауық еті, балық, жұмыртқа, сүт, сұлы жармасы, тұтас дәнді нан.
"Күрделі көмірсулар триптофанның жақсы сіңуіне көмектеседі", - дейді ол.
Кешке аздаған жасыл жапырақты көкөністер не жаңғақтар жеу пайдалы: олардың құрамындағы магний мазасыздық пен бұлшықет кернеуін төмендетеді. Ұйқыны жақсартатын сусындар ретінде шөп шайларын атады: түймедақ, мелисса немесе лаванда.
"Майы аз жылы сүт те серотонин мен мелатониннің түзілуін ынталандырып, тезірек ұйықтауға көмектеседі", - деп қосты Бонадыкова.
Ал кофе, алкоголь, газдалған сусындар, қою шай және энергетиктерден бас тартқан дұрыс: олар жүйке жүйесін қоздырып, ұйқы фазаларын бұзады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
