ru24.pro
World News in Kazakh
Октябрь
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29
30
31

Ақтаудағы көпқабатты үйдің жертөлесінде жарылыс болып, адамдар зардап шекті

0

Ақтауда көпқабатты тұрғын үйде жарылыс болып, бес адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Маңғыстау облысы ТЖД мәліметінше, 28 қазанда сағат 9:03-те 32В шағын ауданындағы "Әсия" тұрғын үй кешенінің жертөлесінде газ-ауа қоспасынан жарылыс болғаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына департаменттің жеке құрамынан 11 қызметкер мен 4 техника жіберілген.
Алдын ала ақпарат бойынша, жарылыс салдарынан үш ересек адам және 2010 және 2015 жылы туған екі бала зардап шеккен. Олардың барлығы ауруханаға жеткізілді.
Назар аударыңыз! Видеода бейәдеп сөздер бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!