ru24.pro
World News in Kazakh
Октябрь
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Алматы тауларында 70 жастағы спортшы қайтыс болды

0

Алматы тауларында егде жастағы спортшы қашықтыққа жүгіру кезінде көз жұмды. 19 қазандағы қайғылы оқиға туралы ұйымдастырушылар әлеуметтік желілерде хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біздің қатысушымыз - 70 жастағы Владимир Кривенцов көз жұмды. Владимир КСРО-ның теңіз көпсайысы мен шаңғы жарысы бойынша спорт шебері, ҚР чемпионы және полиатлон, президенттік көпсайыс, қысқы көпсайыс секілді спорт түрлері бойынша бірнеше мәрте жүлдегер болған. Ол жарыстарымыздың тұрақты қатысушысы еді", - делінген хабарламада.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қайғылы жағдай старт басталғаннан кейін болған. ТЖД экипажы алғашқы медициналық көмек көрсетіп, зардап шеккен адамды "Медеу" кешенінің құтқару бөліміне жеткізген. Алайда, өкінішке қарай, қолданылған шаралар нәтиже бермеген.

"Владимир тәжірибелі спортшы, түрлі жарыстардың тұрақты қатысушысы болды. Жарысқа дейін медициналық тексеруден өтіп, спортпен шұғылдануға қарсы көрсетілімі болмаған. Ол әрдайым стартқа күлімсіреп шығып, белсенді өмір салтының үлгісі болатын. Ол спорттың жасқа қарамайтынының дәлелі болды", - делінген хабарламада.

Ұйымдастырушылар спортшының жақындарына материалдық көмек көрсетілетінін де айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!