ХАМАС Израильге тағы екі тұтқынның мүрдесін тапсырды
ХАМАС Израильге тағы екі тұтқынның мүрдесін тапсырды. Бұл туралы 10 қазанда Израиль Қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) хабарлады. Ақпаратты премьер‑министр Биньямин Нетаньяхудың кеңсесі де растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "9 арнаға" сілтеме жасап.
Екі табыт Халықаралық Қызыл Крест комитетінің өкілдері арқылы тапсырылған. Қаза тапқандардың бірінің кім екені расталды. Ол - 54 жастағы Ронен Энгель. Екіншісі әзірге танылған жоқ, сараптама жүріп жатыр. Егер оның да тұтқын болғаны расталса, ХАМАС Израильге 28 мәйіттің ішінен тағы 16-сын тапсыруға тиіс болады.
Телеарнаның мәліметінше, әйелі мен екі қызымен Нир-Оз ауылында тұрған Ронен Энгель 7 қазанда ХАМАС содырларының шабуылы кезінде қаза тапқан. Ол "алғашқы атыс дыбыстары естіле салысымен тапаншасын алып, барлауға шыққан". Одан кейін оны ешкім көрмеген.
Роненнің қазасы туралы әскерилер бірнеше аптадан соң сол күнгі оқиғаларды қайта қалпына келтіру және тұтқынға түскен содырларды тергеу нәтижесінде білді. Оның Газадағы аумаққа өлі әкетілгені белгілі болды. Роненнің жұбайы мен қыздары 2023 жылғы қарашада тұтқыннан босатылған.
Соғыс қимылдарын тоқтату туралы келісімге сәйкес, Израиль армиясы Газадағы сектордағы операцияларды тоқтатқаннан кейін, ХАМАС 13 қазанда аман қалған 20 тұтқынды қайтаруы, ал қаза тапқан 28 адамның мүрдесін үш күн ішінде беруі керек еді. Бірінші талап орындалды, ал екіншісі әлі орындалған жоқ. Бұл ретте ХАМАС өкілдері келісімшарттары "орындалды" деп санайтынын, ал қалған мүрделерді алып шығу үшін "арнайы техника" қажет екенін айтады.
Осы жағдайда Израильдің қорғаныс министрі Исраэль Кац 15 қазанда Газадағы секторда әскери қимылдарды қайта бастауға қорқытты.
Өз кезегінде ХАМАС өкілдері Израильді бітім шарттарын бұзды деп айыптады. Атап айтқанда, олардың мәлімдеуінше, бір отбасының 11 мүшесі қаза тапқан автобусқа соққы жасау және Нетаньяхудың Газа секторын Египетпен жалғайтын жалғыз шекара бекеті "Рафах" өткізу пунктін ашпау туралы шешімі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!