Boeing 737 жолаушылар ұшағының алдыңғы әйнегі 11 шақырым биікте жарылып кетті
АҚШ-та Денверден Лос-Анджелеске ұшып бара жатқан United әуе компаниясының Boeing 737 MAX ұшағының алдыңғы әйнегінде жарық пайда болды. Ұшақ 11 шақырым биікте болған еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Travel The Aviation Herald-ға сілтеме жасап.
Оқиға кезінде бортта 140 адам болған. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Ұшқыштар алдымен төмендеп, кейін маршрутты өзгерткен. Оқиғадан шамамен 50 минут өткен соң ұшақ Солт-Лейк-Сити әуежайына қонған.
Әуекомпания бұл рейс жолаушылары үшін қосалқы ұшақ бөлді, нәтижесінде олар Лос-Анджелеске шамамен алты сағатқа кешігіп жетті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!