ru24.pro
World News in Kazakh
Октябрь
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Грузияда бұрынғы премьер мен бұрынғы прокурордың үйлерінде тінту болды

0

Грузияның мемлекеттік қауіпсіздік қызметі сенбі күнгі брифинг кезінде бұрынғы премьер-министр Ираклий Гарибашвили мен бұрынғы прокурор Отар Парцхаладзе және солармен байланысты шенеуніктердің үйінде тінту жүргізіліп, 7 миллион доллар қағаз ақша тәркіленгенін хабарлады.

Тінту 17 қазанда ел бойынша 24 пәтер мен тұрғын үйде өтті деп жазды "Эхо Кавказа" сайты. Операцияға шамамен 230 прокуратура және мемлекеттік қауіпсіздік қызметкері қатысқан. Қылмыстық іс қозғалғаны айтылған жоқ. Нақты кімнен ақша тәркіленгені жөнінде де ақпарат жоқ.

Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің брифинг кезінде тергеу органдары мен бас прокуратура өкілдері тәркіленген құжаттар мен электронды құрылғыларды зерттеп жатқанын, ақшаның қайдан алынғанын да анықтап жатқанын айтты. Басқа жай-жапсары айтылмады.

Гарибашвили Грузия үкіметін екі рет: 2013 — 2015 және 2021 — 2024 жылдары басқарған. Ол екі түрлі үкіметте полиция министрі және қорғаныс министрі болған. Сәуірге дейін ол басқарушы "Грузин арманы" партиясына жетекшілік еткен. Көктемде партиядан шығып, саясаттан кететінін мәлімдеген.Пархаладзе 2013 жылы бас прокурор болған. 2023 жылы АҚШ-тың санкция тізіміне енген. Ол Ресейдің мүддесі үшін грузин саясатына әсер етуге тырысты және Ресей ФСБ-мен әріптестік орнатты деген күдікке ілінген.