ru24.pro
World News in Kazakh
Октябрь
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Перизат Қайратты колонияда жұмысқа үйретеді

0

Перизат Қайрат кім болып жұмыс істейді және ол анасы Ғайни Алашбаевамен бір колонияға ауысуы мүмкін бе? Бұл сұраққа ішкі істер министрінің орынбасары Абай Қайырбеков жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Перизат Қайрат кім болып жұмыс істейді?
Абай Қайырбековтің айтуынша, Перизат Қайраттың жұмысқа орналасу мәселесі оның дағдылары мен бос жұмыс орындарына байланысты шешіледі.

"Оның қабілетіне қарай қолайлы бос орындарды қарастырамыз. Егер біліктілігі жеткіліксіз болса, мұндай сотталғандармен тиісті оқыту жұмыстарын жүргіземіз", – деді ол.

Қайырбековтің сөзінше, қажет болған жағдайда Перизат Қайрат колония жанындағы колледжде немесе курстарда оқытылады.

"Мекемеге келген соң көреміз. Оның қабілетін зерттейміз (...) Тігін өндірісі немесе басқа жұмыстармен айналысуға болады. Мекеме ішінде шаруашылық бөлімінде жұмыс істей алады. Әртүрлі жұмыстар бар. Сотталғандардың жалақысы әртүрлі, жұмыстың көлеміне байланысты. Ең төменгі жалақыны сотталғандар міндетті түрде алады", – деді ол.

Бір колонияға түсуі
Абай Қайырбековтің айтуынша, анасы мен қызын бір колонияға ауыстыруға болады. Алайда олардың бір отрядта немесе бөлек болатынын түзеу мекемесінің өз басшылығы шешеді. Жедел жағдай мен сотталғандардың қауіпсіздігі ескеріледі.

"Мекеме ішінде орналастыру кезінде бұл мәселелер ескеріледі. Олар бір отрядта ма, әлде әртүрлі отрядтарда ма, бұл жедел жағдайға байланысты шешіледі", – деп жауап берді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!