Семейде әкім сайлауы өтіп жатыр
Қазақстанда облыс орталығының басшысы алғаш рет сайланайын деп отыр. Бұған дейін кейбір азаматтардың үміткер ретінде тіркеле алмағаны хабарланған.
Сайлауға төрт кандидат қатысып жатыр. Арасында қазіргі аудан әкімі, білім мекемесінің жетекшілері, Семей мәслихатының бұрынғы төрағасы бар.
Жергілікті аумақтық комиссия "сайлаушылардың жоғары белсенділігі" туралы хабарлап, өрескел заңсыздық тіркелмегенін айтты. Тәуелсіз бақылаушылар сайлауды бақылайтынын хабарлаған жоқ.
"Ұлысмедиа" кейбір сайлаушыларда кандидаттар туралы мәлімет аз екенін жазды.
Қалада 128 сайлау учаскесі бар. 300 мыңнан астам халқы бар қалада 220 мың адамның дауыс беруге құқығы бар.