ru24.pro
World News in Kazakh
Октябрь
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Ауғанстан 58 пәкістандық сарбаздың қаза тапқанын және 25 бекетті басып алғанын мәлімдеді

0

Сенбіден жексенбіге қараған түні Ауғанстан мен Пәкістан шекарасында қақтығыстар болды. Ауған тарапының мәлімдеуінше, нәтижесінде 58 пәкістандық сарбаз қаза тауып, тағы 30-ы жараланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AP News-ке сілтеме жасап.
Сондай-ақ, Пәкістан армиясының 25 бекеті басып алынғаны айтылды. Бұл туралы Талибан үкіметінің баспасөз хатшысы Забихулла Мужахид Кабулдегі баспасөз мәслихатында хабарлады.

"Ауғанстанның барлық ресми және бейресми шекарасындағы жағдай толық бақылауда. Заңсыз әрекеттердің басым бөлігіне жол берілмей отыр", - деді Талибан үкіметінің баспасөз хатшысы.

Анықтама: Пәкістан мен Ауғанстан Дюранд сызығы деп аталатын шекараны бөліседі, оны Кабул ресми түрде мойындамайды. Дюранд сызығы - Ауғанстан мен Пәкістан арасындағы ұзындығы 2640 шақырым, іс жүзінде толық белгіленбеген шекара. Ол Ұлыбритания британиялық Үндістанды кеңейтуге тырысқан екі англо-ауған соғысының нәтижесінде пайда болды. Бұл сызық - 1893 жылы ауған әмірі Абдуррахман мен үнді отарлық әкімшілігінің хатшысы сэр Мортимер Дюранд арасындағы келіссөздердің қорытындысы.
Еске салайық, бұған дейін Дюранд сызығы бойымен Ауғанстан мен Пәкістан шекарасында ауыр шайқастар басталғаны хабарланған. Қызу қақтығыстар Кунар, Нангархар, Гильменд, Пактия және Пактика провинцияларында жүріп жатыр. Екі ел әскерилері арасындағы қақтығыстар нәтижесінде Пәкістан Ауғанстанның 19 шекаралық пунктін басып алған болатын.
Бұған дейін 9 қазанда Кабулда пәкістандық дрон пәкістандық талибтер жетекшісі Нур Вали Мехсуд отырған жол талғамайтын көлікке соққы жасағаны, сондай-ақ оның мұрагерлері де көлікте болғаны хабарланған. Сонымен қатар, 10 қазанға қараған түні Пәкістан ӘӘК Ауғанстанның шығысындағы Пактика провинциясына әуе соққысын жасаған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!