ru24.pro
World News in Kazakh
Октябрь
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Qazaq Air әуе компаниясының бір топ ұшқышы басшылыққа үндеу жасады

0

Qazaq Air әуе компаниясының бір топ ұшқышы басшылыққа үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
Оқиғаның мән-жайы
11 қазанда QazaqAir компаниясының Қостанай - Астана рейсін орындаған жолаушылар ұшағы техникалық ақауға байланысты ұшып шыққан әуежайына қайта оралды. Әуе компаниясы мәліметінше, ұшу процесі тоқтатылып, борт қауіпсіз түрде тұраққа қайтарылған. Кейбір жолаушылар шассидің маңында жарқыл байқағанын айтқан, бұл техникалық тексерісте ескеріледі.
Ақауды жою үшін компанияның техникалық тобы Қостанайға жіберілді. Жолаушыларға қонақүй, билет құнын толық қайтару немесе басқа рейстерге ауыстыру сияқты барлық қажет қолдау ұсынылды. QazaqAir жолаушылар мен экипаж қауіпсіздігі басымдық екенін, барлық әрекет халықаралық ұшу қауіпсіздігі стандарттарына сай атқарылатынын атап өтті.
Кейін Көлік министрлігі бұл оқиға бойынша комиссия құрылып, тергеу жүргізілетінін хабарлады.
Ұшқыштардың компанияға үндеуі
Көлік министрлігі әуе компаниясынан ұшқыштар тобының үндеуін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қарауды талап етті.

"Үндеуде негізгі талаптар ретінде: түнгі рейстерге төлем тәсілдерін қайта қарау; әуе кемесі командирлерінің жалақысын көтеру; екінші ұшқыштардың жалақысын арттыру; барлық ұшқыш төленетін ақы мөлшерін көбейту", - делінген хабарламада.

Ақпарат үшін: Qazaq Air әуе компаниясының 49 пайызы Sovico тобына, тағы 49 пайызы Самұрық Қазынаға, ал 2 пайызы Kazasia Holding Limited компаниясына тиесілі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!