ru24.pro
World News in Kazakh
Октябрь
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Алматыда белгісіз біреу қала орталығында бомба қойылғанын айтқан

0

Алматыда кеше белгісіз біреу қаланың орталығындағы бір ғимаратқа бомба қойылғанын айтқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға Назарбаев көшесінде орналасқан бұрынғы "Цезарь" кинотеатры ғимаратында болған. Полиция және қаланың өзге жедел қызметтері жылдам жеткен.

"Алғашқы әрекет ету шаралары аясында жедел қызметтер нысанға жарылғыш зат қойылды деген хабар түскеннен кейін тексеру жұмыстарын жүргізді. Келушілер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында азаматтар эвакуацияланды. Сонымен қатар, ғимаратқа комиссиялық тексеру жасалды", - деп хабарлады полиция.

Тексеру нәтижесінде ақпарат расталмады. Сағат 20:40-та бұл нысан бойынша "дабыл" тоқтатылды.

"Қазір жедел бөлімшелер жалған ақпарат таратқан адамды анықтап, оны ұстауға бағытталған кешенді іс-шараларды жүргізіп жатыр", - деп мәлім етті ПД баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!