ru24.pro
World News in Kazakh
Октябрь
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Тоқаев Испания короліне құттықтау жеделхатын жолдады

0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Испания короліне құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев король VI Фелипе мен оның отандастарын осы елдің ұлттық мерекесі – Испан халқы күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Испания арасындағы достық пен түсіністікке негізделген қарым-қатынастың түрлі салада нығайып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар бірлескен күш-жігердің арқасында екіжақты ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Король VI Фелипенің бастамаларына сәттілік, ал достас испан халқына бақ-береке тіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!