“Вандализмге жол жоқ, бұзақыларды жауапкершілікке тарту керек“ - Тоқаев
Бүгін Астананың абаттандыру жұмыстарымен танысу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев вандализмге қарсы күрес қажетін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Президенттің вандализмге қатысты сұрағына жауап берген Астана әкімі Жеңіс Қасымбек: "ондай деректер бар, бірақ көп емес", - деді."Әйтсе де, халық көріп отыр, мәдениет қалыптасып келеді", - деді қала басшысы.
"Вандализмге жол жоқ, бұзақыларды заң бойынша жауапкершілікке тарту керек", - деп қадап айтты Тоқаев.
Бұған дейін Астана полициясы қоғамдық орындарда камераға түскен вандализм оқиғаларының видеоларын жариялаған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!