ru24.pro
World News in Kazakh
Октябрь
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

“Қайрат“ қаһарманы сапқа қайта оралды

0

Алматылық "Қайраттың" қақпашысы Темірлан Анарбеков жарақатынан кейін қатарға қайта оралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Темірлан Анарбеков жалпы топпен бірге жаттығуды қайта бастады", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 14 қыркүйекте "Қайрат" - "Ақтөбе" матчінде 21 жастағы қақпашы жарақат алып, ойынның 13-минутында алмастырылған еді.
Оның орнына 18 жастағы Шерхан Қалмырза қақпаға тұрды. Ол біраз уақыт алматылық команданың негізгі қақпашысы болды, өйткені басты голкипер Александр Заруцкий де жарақат алған еді.
Айта кетейік, Анарбеков танылған сәт - Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі "Селтикке" қарсы алғашқы матчте жарақат алған Александр Заруцкийдің орнына шыққан кезі. Қайтар матчтае Темірлан ойынды негізгі құрамда бастады. 120 минуттан кейін ойын пенальти сериясына ұласты. Қақпашы нағыз сенсация жасап, бес соққының үшеуін қайтарды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!