ru24.pro
World News in Kazakh
Октябрь
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Израиль мен ХАМАС Газа секторындағы соғысты тоқтататын келісімге келді

0
Израиль мен ХАМАС бейбітшілік жоспарының бірінші кезеңі аясында келісімге қол қойды. Бұл туралы 9 қазанда АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен зор мақтанышпен Израиль мен ХАМАС бейбітшілік жоспарының алғашқы фазасына қол қойғанын хабарлаймын. Бұл барлық тұтқынның босатылатынын және Израиль өз әскерін келісілген шепке дейін әкететінін білдіреді", - деп жазды Ақ үй басшысы Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында.


"Барлық тарапқа әділ көзқарас болады! Бұл араб және мұсылман әлемі, Израиль, көршілес елдер мен АҚШ үшін ҰЛЫ күн", - деді Трамп және келіссөздерге арағайындық жасаған Қатар, Мысыр және Түркияға алғысын білдірді.


ХАМАС келісімді растады. Қозғалыс Трамп пен Газадағы келісімнің кепілі болып отырған елдерді Израильдің шартты орындауын қамтамасыз етуге шақырды. ХАМАС қақтығысты тоқтатуға күш салғаны үшін Трампқа ризашылығын білдірді.
The Times Of Israel басылымы өз дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, ХАМАС сенбі, 11 қазанда тұтқындарын босататынын хабарлады.
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху бұл келісімді "Израиль үшін ұлы күн" деп атады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!