ru24.pro
World News in Kazakh
Октябрь
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Қазақстанда сұйытылған газды экспорттауға салынған тыйым ұзартылды

0

Қазақстанда сұйытылған газды экспорттауға салынған тыйым ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанда алты ай мерзімге сұйытылған мұнай газын автомобиль және теміржол көлігімен әкетуге салынған тыйым ұзартылды. Мұндай шешім премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Сыртқы сауда мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қабылданды.

Үкімет мәліметінше, бұл шара ішкі сұранысты қамтамасыз етуге және бағаның тұрақтылығын сақтауға бағытталған. Билік өкілдері шешімнің автокөліктердің сұйытылған газды отын ретінде пайдалану санының артуы және оның жоғары әлеуметтік маңыздылығымен байланысты екенін атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!