Алматыда заңсыз салынған нысан сүрілді
Алматыда тағы бір заңсыз салынған ғимарат сүрілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жоспардан тыс тексеріс нәтижесінде, Абылай хан даңғылы, 64 мекенжайындағы тұрғын емес нысанға қосымша салынған құрылыстың заңсыз тұрғызылғаны анықталған.
2025 жылы 25 мамырда нысан иесіне қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, материалдар Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданған.
"Аталған соттың 2025 жылы 3 маусымдағы шешімімен меншік иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды және заңсыз салынған нысанды мәжбүрлі түрде бұзу міндеттелді", - делінген хабарламада.
Сот шешімін орындау мақсатында меншік иесі нысанды өзі бұзды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!