БҚО-да “Қаладан ауылға“ бағдарламасымен қоныс аударушылардың саны 149 отбасыға жетті
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев "Қаладан ауылға" бағдарламасы аясында Казталов ауданы, Көпкүтір ауылына қоныс аударған тұрғындарға жаңа баспана кілттерін табыстады.
Өткен жылы өңірімізде алғаш рет іске қосылған "Қаладан ауылға" бағдарламасы ауылдық жерлерге көшіп келушілер санын арттырып, халықты жұмыспен қамтуға және ауыл инфрақұрылымын дамытуға тың серпін беруде. Бағдарлама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауында белгіленген стратегиялық міндеттермен үндесіп, нақты нәтижеге бағытталған бастама ретінде бағаланып отыр.
Салтанатты рәсім барысында облыс әкімі Көпкүтір ауылына қоныстанған екі отбасына жаңа пәтердің кілтін табыстап, қоныс иелерін құттықтады.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: "Ауылды дамыту – бүкіл Қазақстанды дамыту деген сөз" деп атап өткен болатын. Шын мәнінде, ауыл – елдің алтын бесігі, халқымыздың түп-тамыры, салт-дәстүріміздің қайнары. Сол мақсатта өткен жылы өңірімізде алғаш рет "Қаладан ауылға" кешенді бағдарламасы іске қосылды. Бұл жоба – Президент Жолдауында белгіленген стратегиялық міндеттермен үйлесіп отырған, нақты нәтижеге бағытталған бастама", – деді Нариман Төреғалиев.
Бағдарлама іске қосылғалы бері облысқа 149 отбасы немесе 712 адам көшіп келді. Оның ішінде 161 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, 8 азамат "Ауыл аманаты" бағдарламасы аясында өз кәсібін ашты. Қоныс аударушылардың дені Орал қаласынан болса, сондай-ақ Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Қостанай облыстарынан келген отбасылар да ауылдарға тұрақтады. Олардың барлығы тұрғын үймен қамтамасыз етілді.