ru24.pro
World News in Kazakh
Октябрь
2025
1 2 3 4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Тоқаев Германия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

0

Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федеративтік Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Президент Франк-Вальтер Штайнмайерді Германия бірлігі күнінің 35 жылдығымен құттықтады.

Президент бүгінде Германия әлемдік аренада беделді әрі ықпалды мемлекет саналатынын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты ынтымақтастықтың даму қарқынын жоғары бағалап, Қазақстан мен Германия арасындағы стратегиялық серіктестіктің одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!