Бұрынғы банкир Жомарт Ертаев қамауда отыр - ҚАЖК
Экс-банкир Жомарт Ертаев қамауда отыр. Бұл туралы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Сот шешімінен кейін ол ұсталды, қазір қамауда отыр", - деді ҚАЖК өкілі.
Ертаев не үшін сотталды?
Еске салайық, 2020 жылы қарашада экс-банкир Жомарт Ертаев RBK Bank-тен 144 миллиард теңге ұрлағаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Онымен бірге тағы 35 адам сотталды.
Биыл қыркүйекте сот шешімі негізінде оған рақымшылық жасалғаны белгілі болды. Алайда кейінірек сот Жомарт Ертаевқа қатысты бұл шешімнің күшін жойды. Алматы облыстық соты оның мән-жайын түсіндірді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!