ru24.pro
World News in Kazakh
Июль
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27
28
29
30
31

Дәрігерлерге шабуыл: Қазақстанда қатаң жаза әзірленіп жатыр

0

Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова медицина қызметкерлеріне шабуыл жасау мәселесіне қатысты Қылмыстық кодекске жеке бап енгізу жоспарланып отырғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Үкіметтегі баспасөз конференциясы барысында министр бұл түзетулер Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленгенін айтты.
"Шынымен де, бүгін осы нормалар жобасын әзірледік. Қазіргі уақытта Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігімен жұмыс жүргізіліп жатыр, алдын ала оң қорытындылар алынды", – деді министр.

"Қылмыстық кодекске жаңа 158-1-бабын енгізу ұсынылады. Ол медицина қызметкерлеріне қатысты күш қолдану немесе күш қолдану қаупі үшін жазаны көздейді".

Атап айтқанда:

қауіп расталған жағдайда - 2 жылға дейін бостандықты шектеу;
күш қолдану - 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру;
егер қылмыс төтенше жағдай кезінде жасалса - 10 жылға дейін;
егер шабуыл медицина қызметкерлері тобына бағытталған және топпен жасалса - 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

Министр бұл шаралар медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталғанын айтты.

"Бұл - медицина қызметкерлерін қорғауға арналған жеткілікті тиімді шаралар. Қыркүйекте бұл түзетулер Парламентке енгізіледі", - деді Әлназарова.

Сонымен қатар, журналистер министрден еңбек жолының басында науқастар тарапынан агрессияға тап болған-болмағанын сұрады.

"Мен медбике және қабылдау бөлімінің дәрігері ретінде еңбек жолымды бастадым. Сол кезде, 30 жылдан астам уақыт бұрын, ондай жағдайлар болған жоқ. Ал қазіргі кезде мұндай жағдайлар ай сайын тіркеліп отыр, бұл ахуалдың өте күрделі екенін көрсетеді", - деді министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!