ru24.pro
World News in Kazakh
Июль
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25
26
27
28
29
30
31

Қостанайдың орталығында төбелес видеоға түсіп қалды

0
Қостанай тұрғындары қала орталығындағы жанжалды видеоға түсіріп алды. Видеоны полиция түсіндіріп өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Наша Газета" мәліметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, оқиға 21 шілдеде кешкі уақытта "ЦУМ" сауда-ойын-сауық орталығы маңында болған.

"Төрт ер адам алкоголь ішіп отырған. Полиция қызметкерлерінің ескертуіне екеуі агрессивті түрде жауап беріп, қарсылық көрсеткен. Жанжалға қатысушылар ұсталып, қалалық полиция басқармасына жеткізілді. Олардың әрекетінен күш қолдану арқылы бұзақылық белгілері байқалады. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша ең жоғары жаза алты жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген", – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.


Сондай-ақ, оқиғаға қатысушылардың барлығына полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!