ru24.pro
World News in Kazakh
Июль
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25
26
27
28
29
30
31

Қарағандылық қыз Threads-те араздықты қоздырды деген күдікпен қамауға алынды

0

Threads әлеуметтік желісінде ұлтаралық араздықты қоздырды деген күдікпен Қарағандының 22 жастағы тұрғыны қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері Threads желісінде Қарағанды тұрғыны жариялаған жазбаны анықтаған. Тексеру нәтижесі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы 1-бөлігі бойынша (араздықты қоздыру) қылмыстық ісі қозғалған.
Департамент мәліметінше, тергеу барысында күдіктінің елден кетуді жоспарлап жатқаны туралы ақпарат алынған.

"Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысында 22 жастағы қарағандылық қыз Threads әлеуметтік желісінде ұлтаралық араздық белгілері бар жазба жариялағаны анықталды. Тергеу органдарына оның елден шығуға ниетті екені белгілі болған соң, бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу туралы өтінішхат берілді", – делінген хабарламада.

ҚР ҚК-ның 174-бабы бойынша 2 000-нан 7 000 айлық есептік көрсеткішке (7 863 000 – 27 524 000 теңге) дейін айыппұл, не бостандығын шектеу, не екі жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
22 шілдеде Қарағанды тергеу соты бұлтартпау шарасын қанағаттандырды. Тергеу кезеңінде күдікті екі ай мерзімге қамауға алынды. Қазіргі таңда соталды тергеу жалғасып жатыр, қажетті сараптамалар тағайындалған. Оның қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданады.
Бұған дейін күдіктінің жарияланымдары әлеуметтік желілерде резонанс тудырған — көптеген қолданушы оларды қорлау деп бағалаған. Сыннан кейін қыз видео жазып, өз сөздімен ренжіткен адамдардан кешірім сұраған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!