Жаңбыр және бұршақ: 23 мамырдағы ауа райы болжамы
23 мамыр, жұмада Қазақстанда тұрақсыз ауа райы күтіледі. Қазгидрометтің мәліметіне сүйенсек, бірқатар қалада жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ, дауыл және құмды дауыл болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астана – бұлтты, кей уақытта жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ пен дауыл болуы мүмкін. Солтүстік-батыстан соққан жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с, күндіз кей жерлерде 23 м/с. Ауа температурасы түнде +12…+14, күндіз +17…+19.
Алматы – бұлтты, күннің екінші жартысында жаңбыр, найзағай, бұршақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан жел 3-8 м/с, найзағай кезінде екпіні 18 м/с. Ауа температурасы түнде +16…+18, күндіз +25…+27.
Шымкент – бұлтты, таңертең және күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Солтүстік-батыстан соққан жел 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +19…+21, күндіз +25…+27.
Ақтау – бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Солтүстік-батыстан соққан жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +13…+15, күндіз +24…+26.
Ақтөбе – бұлтты, кейде жаңбыр, найзағай. Батыс, солтүстік-батыстан соққан жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +10…+12, күндіз +19…+21.
Атырау – бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыс, оңтүстік-батыстан соққан жел 6-11 м/с. Ауа температурасы түнде +13…+15, күндіз +27…+29.
Жезқазған – бұлтты, күндіз аздаған жаңбыр, найзағай. Батыс, солтүстік-батыстан соққан жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +13…+15, күндіз +20…+22.
Қарағанды – бұлтты, түнде аздаған жаңбыр, найзағай. Оңтүстік-батыстан соққан жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +13…+15, күндіз +22…+24.
Көкшетау – бұлтты, жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ болуы мүмкін. Солтүстік-батыстан соққан жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +11…+13, күндіз +15…+17.
Қонаев – бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай. Оңтүстік-батыстан соққан жел 9-14 м/с, найзағай кезінде екпіні 18-23 м/с. Ауа температурасы түнде +17…+19, күндіз +28…+30.
Қостанай – бұлтты, жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ болуы мүмкін. Солтүстік-батыстан соққан жел 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +10…+12, күндіз +19…+21.
Қызылорда – бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз құмды дауыл тұрады. Батыс, солтүстік-батыстан соққан жел түнде 9-14 м/с, күндіз 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +15…+17, күндіз +26…+28.
Павлодар – бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ пен дауыл болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +17…+19, күндіз +27…+29.
Петропавл – бұлтты, жаңбыр, күндіз кейде қатты, найзағай, бұршақ, дауыл. Солтүстік, солтүстік-батыстан соққан жел 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде +12…+14, күндіз +15…+17.
Семей – бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ болуы мүмкін. Солтүстік-батыстан соққан жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +16…+18, күндіз +30…+32.
Талдықорған – бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай. Оңтүстік-батыстан соққан жел 7-12 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +12…+14, күндіз +30…+32.
Тараз – бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ пен дауыл болуы мүмкін. Солтүстік-батыстан соққан жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 23 м/с. Ауа температурасы түнде +16…+18, күндіз +27…+29.
Түркістан – бұлтты, таңертең және күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, кей жерлерде шаңды дауыл. Солтүстік-батыстан соққан жел 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +19…+21, күндіз +25…+27.
Орал – бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соққан жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +10…+12, күндіз +21…+23.
Өскемен – бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +13…+15, күндіз +30…+32.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!