ru24.pro
World News in Kazakh
Март
2025
1 2 3 4 5 6 7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Екі есепші схема ойлап тауып, 300 миллион теңге “табыс“ тапқан

0

Қарағанды облысында білім саласында 300 миллион теңгеден астам ұрлық дерегі анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.
Қарағанды облысының прокуратурасы "№33 мектеп-бөбекжай-бақша кешені" КММ-де бюджет заңнамасының сақталуына тексеру жүргізді.

"Тексеріс барысында аталған мекеменің екі есепшісінің 15 жыл бойы өздеріне белгіленген нормадан артық жалақыны заңсыз аударғандығы анықталды. Ұрлықтың сомасы 300 миллион теңгеден асты", - делінген хабарламада.

Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!