ru24.pro
World News in Kazakh
Март
2025
1 2 3 4 5 6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Алматыда күзетшіні аяусыз өлтіру оқиғасы: экс-депутаттың ұлына қандай жаза сұралды?

0

Алматыда асқан қатігездікпен күзетшіні өлтірген адамды прокурор 24 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Марқұм Нұрбол Қайыпбаевтың жесірі мұндай жазамен келіспейтінін айтты. Ол қоғамға қауіп төндіретін қандықолды өмір бойы түрмеге қамауын талап етіп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.
Нұрбол Қайыпбаев қаза тапқанына бір жылдай уақыт болды. Бірақ күдікті ұсталған бойда психикасында ауытқуы бар деген желеумен тергеу бір тоқтатылды. Шу шыққаннан кейін ол аяқ асты сау болып шыққан. Тіпті ол бұрынғы депутаттың баласы деген қауесет те желіде жүрді. Түбінде күдіктінің үстінен тағы бір айып тағылып, іс енді аяқталуға жақындап келеді. Тағылған айыптың бірі - қақпадан шығармай қойған күзетшіні асқан қатігездікпен өлтіргені болса, екіншісі - танысы туралы порнография видеоны жаһанға жариялағаны үшін. Соттың жабық өтуіне де сол себеп болған екен. Бірақ бұл ісі туралы мәлімет тым аз.

"Үш мәрте көлігімен қағып, күзетшінің аяқ-қолы сынып, жарақаттар алып, жерде жатқанына қарамастан, тіпті көлігінен түсіп алып басына бөтелке жарып, денесінің үстіне шығып секіріп, аса қатігездік көрсеткен. Ең сорақысы - ешқандай өкініш білдіріп тұрған жоқ, сотта да, тергеу кезінде де. Қылмысын асқан қатігездікпен жасағанын, адам өлтіргенін мойындап тұрған жоқ", - дейді адвокат Асылбек Әбдірайымов.

Ал асыраушысынан айырылған әйел әділдік іздеп жүр.

"Кешіре алмаймын. Бірақ ата-анасы сот уақыты жақындаған кезде кешірім сұрап келді. Маған қазір өте қиын. Балалар әкесін сағынады, сағынсақ та, келмейді. Мен ол жауызды өмір бойы бас бостандығынан айырса деймін", - дейді марқұмның жары Әсем Молдахунова.

Марқұмның артында әйелі үш баласымен жалғыз қалды. Үшеуі де кәмелетке толмаған. Кенжесінің жасы бесте. Жесір қалған жары енді материалдық шығыны мен моральдық зардабын өтесін деген талап қойып отыр.
Еске салайық, оқиға 2024 жылы Алматыда болды. Ер адам күзетшіні көлікпен әдейі бірнеше рет қағып, басынан тепкені, салдарынан ол қаза тапқаны хабарланды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!